Қазақстандық трансгендер әйелдер дәретханасына кіріп, басы дауға қалды

Оқиға Астана қаласындағы спорт залдардың бірінде болған. Жаттығу залына келуші әйелдердің бірі киім ауыстыратын бөлмеден трансгендер, блогер Наиль Тұрғановты (Ника Нет) кездестіріп қалған. Мән-жайды адвокат Аржан Сәдуақасқа айтып берген. Заң саласының маманы желіде таралған оқиғаға қатысты жеке парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Жеке құжатта жынысы қалай көрсетілсе, соған сай әрекет ету керек. Егер әйел деп тұрса, ол әйел болады. Еркек деп тұрса, еркек болады. Жынысын ауыстырса да, жеке куәлікте туғандағы жынысы жазылады. Менің танысымның дабыл қаққаны өте орынды. Өйткені спорт залдарға балалар да барады. Трансгендердің іс-әрекеті ешқандай құқықтық нормаларға немесе моральдық қағидаларға сәйкес келмейді. Әйелдер шешінетін бөлме – әйелдер мен қыздардың өзін қауіпсіз сезінетін кеңістігі. Еркек болып туған транс әйелдердің болуы әйелдерге, әсіресе кішкентай қыздарға ыңғайсыз болуы мүмкін”, – деді заңгер.
Алайда трансгендер Ника Нет оған жауап берді.
"Мен заңды түрде әйелмін. Сіздің мұндай мәлімдеме жасауға құқығыңыз жоқ. Әйелдердің көз жасы соншалықты алаңдататын болса, тұрмыстағы зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен көмекке мұқтаж жалғызбасты аналардың мәселесін көтеріңіз. Бос сөзбен айналысуды доғарыңыз", – деп ашуланды трансгендер.
Соңғы жаңалықтар





