Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"Қазгидромет" мәліметінше, 3 ақпанда ел аумағында қар, тұман, көктайғақ және күшті жел күтіледі.
Астанада аздаған қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Ақмола облысында түнде қар мен жаңбыр жауады, өңірдің батысында, оңтүстігінде және шығысында боран, тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы мен Алматы облысында түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Қонаев қаласында да осындай құбылыстар болжанған.
Ұлытау, Қарағанды облыстарында боран мен тұман болады. Қарағандыда тұман байқалады.
Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Ақтауда тұман болады.
Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарында тұман күтіледі, ал Қызылорда облысының шығысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында түнде қар жауып, боран болады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында қар, жаңбыр, көктайғақ пен тұман болжануда.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 28 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ пен тұман күтіледі.
Соңғы жаңалықтар




