Қазақстанның танымал компаниясы Украинада тұрғын үй салатын болды

20.12.2025 09:41 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Қазақстанның танымал компаниясы Украинада тұрғын үй салатын болды
0
51
news.un.org

Қазақстанның ірі құрылыс холдингі BI Group Украина нарығына ресми түрде кіріп, жергілікті Watzenrode құрылыс компаниясын сатып алды. Мақсат — елді соғыстан кейін қалпына келтіру жобаларына қатысып, Киев пен Киев облысында тұрғын үй салу. Бұл ақпаратты украиналық Forbes басылымы жариялады, деп хабарлайды Politico.kz

Watzenrode-ты сатып алу BI Group-қа нарықты игеруді жеделдетуге мүмкіндік берді. Компанияда 7,5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, ал клиенттер тізімінде Nestle, PepsiCo және Samsung секілді әлемдік алпауыттар бар. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында Watzenrode табысы 374,4 млн гривнаға (шамамен 4,5 млрд теңге) жеткені атап өтілді.

BI Group Украинада екі бағытқа басымдық бермек:
– соғыстан кейінгі қалпына келтіру жобаларына бас мердігер ретінде қатысу;
– тұрғын үй құрылысы: экономнан премиум-классқа дейінгі жобаларды іске асыру.

Компания сонымен қатар күн және жел энергетикасы саласына қызығушылық білдірді. Алдағы 3–5 жылда Украина экономикасына ондаған миллион доллар көлемінде инвестиция құю жоспары қарастырылуда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий