"Қолдан ұйымдастырылған": Әуежайда қызды құтқарып қалған адам бар шындықты айтып берді

Алматы әуежайында ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайым өзін «оқиғаны қолдан ұйымдастырды» деп айыптағандарға жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада кейбір адамдардың сын айтқанын, бірақ шындықтың өзгермейтінін атап өтті.
«Әркім әртүрлі пікір білдіреді, бәрінің аузын жаба алмайсың. Бірі алғысын айтып, қолдау көрсетіп жатса, кейбірі керісінше, теріс пікір білдіруде. Бірақ бұл оқиғада ешқандай өтірік жоқ, менің де басым екеу емес», – деді ол.
Сонымен қатар, Мұса Әбдірайым халықтың қолдауын ерекше сезініп отырғанын жеткізді. Ол мемлекет басшысының марапаттауы үшін алғыс білдіріп, өзінің басты мақтанышы – құтқарылған қыздың аман қалуы екенін айтты.
«Мен өзімді халық қаһарманы деп есептемеймін, ондай мақтаныш сезімі жоқ», – деп түйіндеді ол.
Соңғы жаңалықтар





