«Қосағымнан үш минутта айырылып қалдым»: Асанәлі Әшімовтың жұбайы жантебірентерлік жазба жариялады

07.01.2026 10:01 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Қосағымнан үш минутта айырылып қалдым»: Асанәлі Әшімовтың жұбайы жантебірентерлік жазба жариялады
0
575
Фото: әлеуметтік желіден

Аңыз актер марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова халық әртісі туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Өмір мен өлім арасы қас қағым сәт екен. 23 жыл бір ай үш күн бірге өмір сүрген Құдай қосқан қосағымнан үш минутта айырылып қалуым ауыр соққы болды. Адамның айтқаны орындалмайды, Алланың қалауына ешкім қарсы тұра алмайды. Жан жарымды қанша қимасам да, ел болып, жұрт болып ақтық сапарға шығарып салдыңыздар. Қайғы бөліссе азайады деп, көңіл білдіріп, жұбату айтқан баршаңызға бас иемін. Тірлігінде алақандарыңызға салып еркелеткен едіңіздер, ақтық сапарға да жер қайысар ел жиналып, егіліп шығарып салдыңыздар. Жаназа шығарғанда сапта тұрған адам саны көп болған сайын, сол жандардың алақан жайып Алладан сұраған бата тілектерін Алла қабыл етеді,пейіштен орын береді дейді. Әумин әумин әумин. Әр шаңырақта бақ береке болсын. Балаларыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары аңыз тұлғаның жарына қолдау білдіріп жатыр.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий