Қуат Хамитов Атырауда тағы да дауға қалды (ВИДЕО)
1285
Қуат Хамитовтың Атыраудағы автосеруені айыппұлмен аяқталды
Атырауда қазақстандық даулы файтерлердің бірі Қуат Хамитов қатысқан жарнамалық автожүріс әкімшілік хаттамамен аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz.
«Найман» лақап атымен танымал спортшы бұл жолы да көпшіліктің назарын өзіне аударды. Ол тек жекпе-жектерімен емес, әлеуметтік желідегі даулы мәлімдемелері мен хайпқа толы әрекеттерімен де жиі талқыға түсіп жүр.
Batyr Fighting Championship турнирі алдында файтер үшін Атырау көшелерінде қызыл Mustang-пен арнайы шоу-шеруге ұқсас көлік шеруін ұйымдастырылған. Видеода театр актрисасы Лашын Нүркенқызы қозғалыс кезінде Хамитовты қарсы алғаны байқалады. Сондай-ақ кадрлардан спортшының қауіпсіздік белдігін тақпағаны көрінеді.
Атырау облыстық полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін видеоға қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...