«Құдайдан бастап, бәрінің атын жамылады»: Алагөзова әйелдерді кемсітетін блогерге шүйлікті
1061
Белгілі продюсер Баян Алагөзова әйелдердің құқығын шектейтін ой айтқан блогер Жанәділ Райымбековке шүйлікті.
Айта кетсек, ол өзінің Instagram-дағы парақшасына «Әйел табысын рұқсатсыз жарата алмайды» тақырыбындағы видео жариялаған болатын.
Мұндай адамдар бізді әйел адам емес, бір саты төмен деген пікірмен келісуге шақыра берсе, біз ешқашан өркениетті ел бола алмаймыз. Абьюзер еркек әйел өзінің меншігі болуы үшін Құдайдан бастап, бәрінің атын жамылады, – деген ренішін білдірді Баян Алагөзова.Сондай-ақ ол басқа да сала мамандарынан блогердің жазалануын талап етті.
Мына блогерге назар аударуларыңызды сұраймын! Әйелдерді қоғам алдында төмендетуді, қорлауды доғаруды талап етемін! – деп жазды продюсер.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...