«Құдайдың өзі жібергендей»: Олжас Адай Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы туралы ашық айтты
Актер Олжас Адай Дариға Бадыковамен қарым-қатынасы мен бірге демалғаны жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі "Время" газетіне берген сұхбатында жеке өмірін жария етпеуге тырысқанымен, бірқатар маңызды мәліметтерді айтып қалды.
Ол Дариғаның өмірінде ерекше орын алатынын жасырмады.
«Менің өмірімде он жылдық үзіліс болды. Алға жылжи алмадым, күш жетпеді. Тіпті кейде өзімді артист екенімді ұмытып кететінмін. Сол кезде Құдай маған Дариғаны жібергендей болды. Әрдайым айта бермеймін, бірақ ішімнен оған ризамын», — деді Олжас.
Актер екеуінің мінезі ұқсас екенін де мойындады.
«Екеуміз де қызуқанды, екеуміз де лидер. Кейде түске дейін жиырма рет ұрысамыз, кейде күні бойы сөйлеспейміз. Бірақ бізді ортақ шығармашылыққа деген үлкен қызығушылық табыстырады», — деді ол.
Соңғы екі жылда олар бір-бірін жақсырақ танып, өмірлік мақсаттарын нақтылаған.
Жеке өмір туралы сұрақтарға актер ашық жауап бермесе де, бірге демалғандарын жоққа шығармады.Журналист Мальдив аралдарындағы демалыс жайлы сұрағанда, Олжас күліп:
«Иә, әрине бірге демалдық. Біз төрт жылға жуық бірге жұмыс істеп келеміз, соңғы екі жылда үнемі біргеміз», — деді.
Алайда «ерлі-зайыптысыздар ма?» деген сұраққа нақты жауап бермей:
«Жеке өмір туралы осы жерден тоқтайық. Кім көрді — өзі ойласын», — деп шектелді.
Олжас Адайдың айтуынша, екеуі жеке өмірін жарияламауға әдейі келісім жасаған.
«Қарым-қатынас бар ма, жоқ па — жарияламаймыз деп келістік. Егер бәрін ашық айтсақ, адамдардың қызығушылығы басылады», — деді актер.
Соңғы жаңалықтар