Құрбыларының қолынан қаза тапты деген Ақнәрдің анасына қысым көрсетілуде
Ақнәрдің анасы Гүлстан Қамитке қысым көрсетілуде, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оған Астана қаласы Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері хабарласып, үйіне полиция қызметкерлерін жіберетінін айтып, әлдебір видеоны талап еткен. Алайда, Гүлстан ханым қолындағы барлық бейнематериалдарды тергеушіге бұрыннан тапсырған.
Қазір одан нақты не талап етіліп отырғаны мүлде түсініксіз. Ақнәр үшін ашылған инстаграм парақшада:
"Қызы азапталып, қаза тапқан жәбірленуші тарапқа қысым көрсету деген не сұмдық?! Қылмыскерлерге қатысты әділ әрі заңды шешім қабылдаудың орнына, тергеудің бағытын басқа жаққа бұру кімге тиімді? Біз бұл әрекетті жәбірленушіні қорқытып-үркіту және әділдікке жетуге кедергі жасау деп бағалаймыз”, - деп жазылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.11.2026
10:01
Кеншіні ұшақпен құтқару: «Қазақмыс» оқу-жаттығу...
23.11.2026
09:49
Астана – Қарағанды тасжолында көлік дөңгелегі ж...
23.11.2026
09:48
Шалқарда мектептің 82 млн теңгесін жымқырған үш...
23.11.2026
08:35
Төрт перзентінен айырылған ақтаулық ана 51 жасы...
22.11.2026
17:13
Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған қ...
22.11.2026
16:18
396 миллион теңге парамен сотталған бұрынғы обл...