Құс тұмауынан алғашқы өлім тіркелді

Құс тұмауынан алғашқы өлім тіркелді
07.01.2025 13:01
0
101
ашық дереккөзден

АҚШ-тың Луизиана штатында құс тұмауының ауыр түрін жұқтырған науқастың қайтыс болғаны туралы ақпарат расталды. 

Департаменттің мәліметінше, желтоқсан айында ауруханаға жатқызылған науқастың жасы 65-тен асқан, оның денсаулығында басқа да кінәрат болған. Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар үшін құс тұмауынан қауіп деңгейі әлі де төмен.

Зерттеулерге сәйкес, науқас H5N1 вирусын құс еті немесе жабайы құстармен байланыс кезінде жұқтырған болуы мүмкін. Алайда штатта адамнан адамға жұғу жағдайлары тіркелмеген. Ғалымдар науқастың ағзасында табылған вирусты генетикалық талдау барысында оның құстардағы бастапқы вируспен салыстырғанда өзгерістерге ұшырағанын анықтады. Бұл инфекциядан кейін ағзада мутация болғанын көрсетеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, 2003 жылдан бері әлемде құс тұмауын жұқтырудың шамамен 900 жағдайы тіркеліп, олардың жартысынан көбі өліммен аяқталған. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или