"Құттықтаймын": Айқынның әйелдері бір-біріне қолдау білдірді

05.06.2025 20:17
0
182
Фото: әлеуметтік желі

Белгілі әнші Айқын Төлепбергеннің жұбайы Жұлдыз Өмірғали оның бірінші әйелі Әселге қолдау білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Жақында Әскелдің кітабы жарыққа шығады. Жұлдыз Өмірғали Instagram-дағы сторисінде Әсел Төлепбергеннің жарық көретін кітабы туралы жазбасын бөліскен.

Еске салайық, Айқын Төлепберген бірінші әйелі Әселмен “Студенттік көктем” фестивалінде танысқан, ал 2018 жылы онымен ажырасып кеткен. Осы оқиғалар аралығында, 2015 жылы, әнші Шымкентте “КешYOU” тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалимен кездесті. Ұзақ уақыт бойы оны әншінің жанкүйерлері сынға алғанымен, кейіннен олардың отбасы жарасымына тәнті бола бастады.

2024 жылдың қазан айында қазақстандық өнер иелері Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали тоғыз жылдық некеден кейін сәнді үйлену тойын өткізді. Жұлдыз бен Айқын бұл қуаныштарымен әлеуметтік желідегі оқырмандарымен бөлісіп, оларды бал айындағы естеліктерімен де қуантты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий