Қыркүйек айында жауын-шашын жиі болады
Қыркүйек айында республиканың басым бөлігінде ауа райы салқын және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр, тек республиканың батысында қыркүйектің басында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, қыркүйекте республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын ай бойы жиі жауады, үзіліс 1-3 күнге созылады. Кей күндері республика бойынша қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, екпінді жел болады. Еліміздің солтүстік жартысында жиі тұман түседі.
Қыркүйектің бірінші онкүндігінде ауа температурасы: республиканың батысында түнде +8+15°С, күндіз +23+30°С; республиканың оңтүстік-батысында түнде +17+25°С, күндіз +28+35°С, тек кей күндері ауа температурасының шамалы төмендеуі байқалады; Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде +3+10°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +22+27°С-қа дейін; Қостанай облысында түнде +2+7°С-тан, топырақ бетінде үсік болуы ықтимал, +8+13°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан +17+25°С-қа дейін ауытқиды деп болжанып отыр.
Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында түнде +2+10°С дейін, топырақ бетінде 2° үсік болуы мүмкін, күндіз +8+15°С дейін суытады. Онкүндіктің соңында ауа температурасы шамалы жоғарылауы мүмкін.
Республиканың шығысында ауа температурасы түнде +8+16°С-тан +2+7°С-қа дейін, онкүндіктің екінші жартысында үсік болуы мүмкін, күндіз +12+23°С-тан +17+25°С-қа дейін ауытқиды;
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы +22+30°C-тан +17+23°C-қа дейін ауытқиды деп болжанады.
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде ауа температурасы +3+8°С, кей күндері үсік болуы ықтимал, күндіз ауа температурасы +12+19°С-тан +21+26°-қа дейін ауытқиды;
Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында ауа температурасы түнде +7+15°С болады деп болжанып отыр. Топырақ бетінде үсік болуы мүмкін, күндіз +25+35°С-тан +15+23°C-қа дейін ауытқиды.
Үшінші онкүндікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбырдың соңы қарға айналуы мүмкін.
Бұл болжам консультативтік болып саналады. Оны нақтылау үшін онкүндік және апталық болжамдар шығарылады.
Фото: land-of-sorrow.ru
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
13.12.2024
21:52
«Ең сұлу әйелмін»: Мәдина Садуақасов желіде әде...
13.12.2024
20:54
Прокурорлар Қайрат Құдайбергенді 8 жылға соттау...
13.12.2024
19:36
«Дикий Арманға» сот үкімі қашан шығатыны белгіл...
13.12.2024
17:58
Роза Рымбаеваға ерекше марапатқа ие болды
13.12.2024
17:20
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов қ...
13.12.2024
16:42
Назарбаевтың Ақтаудағы резиденциясы мешітке айн...