"Қызыл итке жем еткен келін кінәлі". Гүлзира Айдарбекова Жұлдызға ақыл айтамын деп сынға қалды

18.12.2024 11:04
0
750
әлеуметтік желі

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова баспанасынан айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдірем деп оқырмандарға жақпай қалды.

Ол Жұлдызды қымбат үйде тұрғысы келтінін айтып сынаған еді.

“Алданып қалды. Ол жерде менімен де, Қайратпен де ақылдасқан жоқ. Өзі де кішкене көріп жатыр. Өз қателігін мойнымен көтеріп, ол да тырысып жатыр. Кішкене басына тигені жақсы. Әр нәрсенің қадірін біледі. Ол үй де оңайшылықпен келген жоқ. Қайрат екеуміз неше күн, неше түн ұйықтамай, концерт беріп, дизайнермен ремонт жасап, жиһазын алып берген үй ғой. Кішкене көрсін. Қайраттың бала-шағасы үйсіз қалмайды. Қазір Жұлдызға 100 мың доллардың үйінде отырады деп тұрсыз ба?! Олар жақсы нәрсеге үйренгеннен кейін қымбат үйді қалайды. Ол үшін Қайратқа қаншама жұмыс істеу керек. 30-50 мың доллардың үйіне тұрмайды. Ондай үйге тұрса қазір-ақ әперер едік”, – деді продюсер. 

Желі қолданушылары медиа менеджердің өзін айыптап, келініне қолдау білдіруге шақырды. 

“Басына тигені дұрыс” дегені несі?!”, “Гүлзира Қайраттың ақшасын алып жаман үйренген”, “Қызыл итке жем еткен келін кінәлі”, “Мынадай енеден құдай сақтасын”– деп жазды оқырман қауым. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или