Қанды түн: көршісі әжесі мен анасын өлтіріп жатқанда ұлы досынан көмек сұраған
ЖАЛҒАСЫ
Қызылордада көршісі әйелді және оның анасын пышақтап өлтіргені туралы жазған едік. Оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болды. Қайғылы оқиға салдарынан бір ғана бала аман қалған, деп хабарлайды Politico.kz NewTimes.kz сайтына сілтеп.
Қылмыс 8 қаңтарға қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім сол сәтте ерлікке пара-пар әрекет жасаған. Ол WhatsApp арқылы досына хабарлама жіберіп, әжесінің өлтірілгенін, ал анасын дәл сол сәтте өлтіріп жатқанын жазған. Өз сөзінің шын екеніне сендіру үшін бала бетіне қан жұққан суретін жіберіп, әзіл емес деп түсіндірген.
Қазір әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада күдіктінің ұсталған сәті көрсетіледі. Әйелдің мәйіті жатқан бөлмеден оның ұлы шығып, полиция қызметкерлеріне болған жағдайды қатты күйзеліс пен абыржу үстінде айтып береді.
Күдікті оқиға орнында ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол – қаза тапқан әйелдердің көршісі.
Құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу жалғасуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.11.2026
23:26
Жаңа жыл қарсаңында алаяқтар қазақстандықтарды ...
25.11.2026
22:20
Шымкентте танысудан бас тартқан қыздарға тиісіп...
25.11.2026
21:18
Қазақстандық мұғалім Рамзан Қадыровтан оқушылар...
25.11.2026
20:20
«Екінші Шымкент, айнала толған мамбеттер»: Аста...
25.11.2026
19:15
Қарағандыда зейнеткерді автобустан қуған жүргіз...
25.11.2026
18:10
Атырауда есірткі ұрлады деп айыпталған бұрынғы ...