"Қызым дірілдеп жатты": Алматыда RAMS Qazaqstan салған аулада ойнап жүрген сәбиді тоқ соқты

19.08.2025 12:48
0
417
Сурет: Бейнеден кадр
Алматыда аулада ойнап жүрген кішкентай қызды тоқ соқты, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.

RAMS Qazaqstan салған тұрғын үй кешенінде кішкентай баланы тоқ соқты. Қазір сәби жансақтау бөлімінде жатыр, ал анасы әкімдік пен құрылыс компаниясынан жауап талап етеді.

Оқиға Навои көшесі, 39 мекенжайында орналасқан, "RAMS Qazaqstan" компаниясы салған тұрғын үй кешенінде болған.

Анасының айтуынша, балалар алаңындағы шам бағанасының жанынан темір арматура шығып тұрған. Құммен ойнап отырған сәби оны байқаусызда қолымен ұстап алған сәтте қатты тоқ соғып, жерге құлаған.

Анасы қызын құтқармақ болған кезде өзі де тоққа соғылғанын айтады.

Салдарынан 1,5 жастағы Аминаның қолы қатты күйіп, жарақат алған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауымен жансақтау бөлімінде жатыр.

"Балалар ойнайтын аулада қалайша тоғы бар арматура шығып тұрады?! Бұл сұмдыққа кім жауап береді? Біздің балаларымыздың өмірі біреудің салғырттығына тәуелді болмауы керек!" – деп ашынған ана Алматы әкімдігі мен құрылыс компаниясынан дереу тергеу жүргізіп, қауіптің көзін жоюды және кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий