Ресей оккупацияланған Украина аймақтарындағы ресурстарды АҚШ-пен бөлісуге дайын

Ресей оккупацияланған Украина аймақтарындағы ресурстарды АҚШ-пен бөлісуге дайын
27.02.2025 09:19
0
406
Фото: Getty Images
Ресей АҚШ-қа Украинадағы металдарды игеру ұсынысын жасады

Ресейлік шенеуніктер АҚШ-қа Ресей бақылауындағы Украина аумақтарындағы пайдалы қазбалар мен сирек кездесетін металдардан табыс табуға мүмкіндік беретін келісім жасауды ұсынды, деп хабарлайды NBC News арнасы.

NBC News мәліметінше, АҚШ барлау қызметімен таныс екі жоғары лауазымды шенеунік пен тағы бір ақпарат көзі Ресейдің Трамп әкімшілігіне осы ұсынысты жасағанын растаған.

Ресей тарапы бұл ұсынысты өткен аптада Сауд Арабиясында Трамп әкімшілігінің өкілдерімен кездесу кезінде білдірген. Құжатқа сәйкес, келісім жасалған жағдайда, АҚШ Ресей бақылауындағы Донецк және Запорожье облыстарындағы минералдар мен бағалы металдарды өндіруден үлес алуы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент Украина президенті Владимир Зеленскийге осыған ұқсас ұсыныс жасаған болатын. Алайда Зеленский бұл келісімді бастапқыда қабылдамай, АҚШ президенті Дональд Трамптың наразылығын тудырған.

Ресейдің бұл ұсынысы АҚШ-тың пайдалы қазбаларға деген қызығушылығын арттырып, геосаяси жағдайға жаңа серпін беруі мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий