Ресейде қазақстандық 11 жастағы балаға оқ атты

25.05.2026 09:34 Арман Ермеков
Ресейде қазақстандық 11 жастағы балаға оқ атты
273
Иллюстрация/Фото: © Абзал Бахытжанов / Politico.kz

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 38 жастағы Қазақстан тумасы көшеде саксофон ойнап тұрған 11 жастағы балаға терезеден пневматикалық қарумен оқ атты, деп хабарлайды Politico.kz

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ұсталған күдікті Айтжан Смағұлов 2021 жылдың сәуір айынан бері «Мариинский театрында» қосалқы труппа құрамында жұмыс істеген.

«Санкт-Петербургтің Адмиралтейский ауданындағы әріптестерім кәмелетке толмаған музыкантқа оқ атқан ер адамды ұстады. 23 мамыр күні кезекші бөлімге өтіп бара жатқан адам қоңырау шалып, Минский шолақ көшесіндегі 1-үйдің жанында белгісіз біреудің балаға оқ жаудырғанын хабарлады. Оқиға орнына келген полицейлер 11 жастағы баланың көшеде саксофон ойнағанын анықтады. Бұл көрші үйде тұратын 38 жастағы ер адамға ұнамаған. Көше музыкантын жазалағысы келген ол өз пәтерінің терезесінен балаға пневматикалық қарудан оқ атқан. Қазір бала ауруханаға жатқызылды. Тергеу органдары Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 213-бабының 2-бөлігі бойынша «Қылмыстық іс» қозғады. Күдікті Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 91-бабы негізінде қамауға алынды», – деп хабарлады Ресей Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк.

Тағы оқи отырыңыз, Алматы облысында 17 жастағы студентті өлтірген оқушы 8 жылға сотталды.

Войдите, чтобы оставить комментарий