Ресейден тәуелсіздік: Қазақстанның мұнай экспорты қалай өзгермек?
Қазақстан Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) мұнай құбыры арқылы экспорт көлемін 13 есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қазіргі уақытта бұл бағыт арқылы жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалданса, алдағы уақытта 20 млн тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр.
Дегенмен, бұл жоспарға SOCAR компаниясының талаптары мен техникалық кедергілер әсер етуі мүмкін. Компания қазақстандық мұнайдың сапасы Azeri Light стандартына сай келмейтінін, күкірт мөлшерінің жоғары болуы оны арзандататынын алға тартып отыр.
Логистика мәселесі де күрделі: БТД арқылы тасымалдау құны 120 долларды құраса, Ресей арқылы бұл көрсеткіш 38 доллар шамасында. Сарапшылардың айтуынша, ұзақ мерзімді келісімдерге бару тәуекелді, ал бұл Қазақстанның тәуелсіз мұнай тасымалына әсер етуі мүмкін.
Экономикалық тұрғыда тиімділік пен сапа мәселелері БТД бағытын қолдануға үлкен кедергілер келтіруде.
Ақпарат orda.kz сайтынан алынған.