Ресейге тапсырылған қазақстандық тұтқын көмек сұрады

Ресейге тапсырылған қазақстандық тұтқын көмек сұрады
02.05.2025 14:20
0
524
Бейнеден кадр
Ресейге берілген қазақстандық тұтқын қайта соғысқа жіберілмек

Тұтқын алмасу кезінде Ресейге тапсырылған қазақстандық азамат өзін қайтадан соғысқа жібергелі жатқанын айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Мені Донецк облысына жіберейін деп жатыр. Менде байланыс болмай қалатын сияқты. Әрі қарай мені не күтіп тұрғанын да білмеймін», – деді 20 жастағы Байқоңыр тұрғыны Шерхан Егембердиев Airan.media басылымына жіберген видеосында.

 

Жуырда Пасха мерекесіне орай ұйымдастырылған тұтқын алмасу кезінде Украина тарапының Ресейге тапсырған сарбаздарының арасында екі қазақстандық болғаны анықталған. Олардың бірі – осы Шерхан Егембердиев екені жергілікті БАҚ-та хабарланды.

Шерхан Егембердиевтің айтуынша, ол Ресейге барып, «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін полиция бөлімшесіне түскен. Сол жерде қысым көрсетілген соң, Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа қол қойып, Украинадағы соғысқа жіберілген. Кейін жараланып, украин тарапына тұтқынға түскен. Егембердиев тұтқында жеті ай болған.

Airan.media басылымының хабарлауынша, осы тұтқын алмасу кезінде Ресейге тапсырылған тағы бір қазақстандық Ерболат Ордабаевтың да қазіргі тағдыры белгісіз. Тұтқын алмасудан кейін Ордабаевпен байланыс үзілген.

Қазақстанның ресми органдары әзірге оқиғаға қатысты ешқандай реакция білдірген жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий