Ресей шетелдіктерге арналған жаңа ережелерді жариялады
750
ЕАЭО азаматтарына да Ресейде медициналық тексеруден өту талабы қойылды.
Ресейге кіретін және елде ұзақ уақыт тұратын барлық шетелдіктер міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс. Бұл туралы РИА Новости Ресей ІІМ материалдарына сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жаңа талаптар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің азаматтарына да қолданылады, сапар мақсатына қарамастан.
Шетелдіктер жыл сайын қауіпті аурулардың жоқтығын дәлелдеп отыруы керек. Егер адамнан қоғамдық қауіп төндіретін ауру анықталса, оны Ресейден шығарып жіберіп, қайта кіруге тыйым салуы мүмкін.
Алайда бұл талап Ресейге 3 айға дейін келетін туристерге қолданылмайды. Туристік сапарлар үшін медициналық тексеру қажет емес.
Жаңа ережелер Ресейде ұзақ мерзімді тұруды жоспарлаған шетелдіктердің барлығына қатысты енгізілуде.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
08:43
«Басқалар айта алмайды»: Песков Тоқаевтың Путин...
05.10.2026
08:28
«Қасымда болуы тиіс бауырларым енді жоқ»: Каспи...
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...