"Ресми түрде ажырастым": Ең сұлу волейболшы Сабина Алтынбекова жеке өмірі туралы айтты

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова бұған дейін тараған ажырасу туралы сыбыстарды растады. Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқырмандарының бірі жеке өміріне қатысты сұрақ қойып, «Сіздер айырылысып кеттіңіздер ме?» деп сұрағанда, Алтынбекова нақты жауап берді.
«Мен ресми түрде некеде болдым және ресми түрде ажырастым. Бұл сұраққа қатысты көптен бері түрлі пікір айтылып жүр. Осы жауабыммен бәріне нүкте қоямын», – деді ол.
Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлымен шаңырақ көтеріп, 2021 жылы ұлды болған еді.
Бүгінге дейін спортшы Индонезияның «Yogya Falcons» командасында ойнаған. Алайда қазіргі таңда Астанаға оралған. Болашақ жоспарлары туралы жақын күндері мәлімдемек.
Соңғы жаңалықтар





