Руслан Берденовке қолдау білдірген Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды

Руслан Берденовке қолдау білдірген Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды
23.04.2025 17:54
0
135
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev

«МузАРТ» тобының солисі, танымал әнші Сәкен Майғазиев оққа ұшқан Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қолдау білдіремін деп халықтан сөз естіді, деп хабарлайды Malim.kz.

Майғазиевке көпшілік «ол бай болған соң қолдау білдіріп жатсың» деп айып таққан.

Кімнің қандай лауазымда болғаны мен үшін маңызды емес. Оны бірінші Алла біледі және мені жақын танып, жақсы білетіндер растайды. Мен ұлтын, мемлекетін, ата-анасын, отбасын сүйген жанды биік бағалаймын. Бай-бағланың да, триллионер, миллионер де маған еш нәрсесін бөліп бермейтінін білемін. Дәмеленбеймін де. Мен адам алаламайтын жанмын, деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өнер иесі «Шерзаттың өліміне қатысты ауыз ашпадың» деп айыптағандарға да жауап берді.

«Шерзат туралы пікір жазбағандардан отписка» деп атой салып жатқанда, «мен жаздым ғой» деп ақталуға арландым. Қазір жазуымды мәжбүрлеп жатқан жандардың қарасы көп екен. Мен қазағыма жау емеспін. Қазақ халқы үшін күніне кем дегенде 5 рет Алладан дұға тілеймін. Имандай шыным. Қалғаны құқық қорғау органдардың құзырында, деп түйіндеді әнші.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий