"Тәрбиесі өте жақсы": Баян Алагөзованың қызын енесі жер-көкке сыйғызбай мақтады
Продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбектің енесі — еліміздің бас онколог-дәрігері Диляра Қайдар келініне деген ерекше ықыласын білдіріп, оны көпшілікке мақтады, деп хабарлайды Politico.kz.
Отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында Диляра Қайдар келінінің ақкөңілдігі мен алған тәрбиесіне жоғары баға берген:
«Айсәуле өте ашық, жүрегі кең, мейірімді қыз. Әрдайым көңілді жүреді, ақкөңіл. Үнемі күліп жүреді, қандай жағдай болмасын, ол үнемі күліп жүруге тырысады. Алған тәрбиесі де өте жақсы», — деді ол.
Желі қолданушылары ене мен келін арасындағы сыйластыққа сүйсініп, «Әйел адамның өз ұлының жары туралы осындай махаббатпен, құрметпен айтқанын көру қандай ғанибет», «Өзіңіз де өте зиялы жансыз, келініңіз де сізге ұқсауға тырысады», «Иә, Айсәуле — жарқын, сүйкімді қыз» деп жылы пікірлерін қалдырып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.11.2026
11:28
"Тәрбиесі өте жақсы": Баян Алагөзованың қызын е...
17.11.2026
11:14
Алматыда ұлын қорғаған анаға полицияға шағым тү...
17.11.2026
10:35
Алматыда өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан жүрг...
17.11.2026
10:21
СҚО-да сірке қышқылын ішкен әкімдік қызметкері ...
17.11.2026
10:16
"Менен 30 жас кішілер атақ алып жатыр": Нұрлан ...
17.11.2026
10:04
Шу ауданында «Қазақмыс» қолдауымен екі спорт ал...