Сабина Мовлаева ұятсыз видеодағы өзі емес екенін айтып халықтан көмек сұрады
14788
Белгілі блогер Сабина Мовлаева өзіне жала жабылып жатқанын айтып, көпшілікке үндеу тастады.
Аталмыш видеодан кейін оның жекесіне оқырмандарынан көптеген хаттар келе бастаған. Алайда, блогер ол өзі емес екенін жеткізді.
“Қанша рет айттым, видеодағы қыз мен емеспін. Адамдар мазақ етуде, бұл менің намысыма тиеді. Екі апта бұрын Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасына арыз жаздым. Адамдардың маған жазған ерсі хаттарын скрин жасап, соларға бердім. Бірақ полиция әлі ол адамдармен сөйлеспеген екен. Олар әлі ұсталмаған. Енді алаңдап тұрмын. Бұл істі өзім қолыма алып, кіріспесем болмады. Бұл видео менің болашағыма әсер ететінін түсінесіздер ма? Менің ар-намысыма тиеді. Мен – қызымды өзім өсіріп отырған жалғызбасты анамын. Бұл видеоны менің қызым көрсе, не болады”, – деді блогер instagram парақшасында.
Сонымен қатар блогер ару көпшіліктен видеодағы қыздың кім екенін табуға көмектесулерін сұрады.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...