«Сәлем салғызамын»: Танымал тележүргізуші қандай ене болатынын айтты

«Сәлем салғызамын»: Танымал тележүргізуші қандай ене болатынын айтты
15.12.2024 16:34
0
46
Instagram/gulmira_dairabaeva

Белгілі тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева жақында ғана ене мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның ұлы, танымал блогер Артур сүйіктісі Замира есімді арумен шаңырақ көтеріп, қуанышты жаңалығымен бөліскен еді.

Гүлмира Дайрабаева тележүргізуші Айкерім Есенәліге берген сұхбатында келіні Замирамен қарым-қатынасы жайлы айтып, өзінің қандай ене болатынын жеткізді. Сондай-ақ жас келінге сәлем салғызатынын да атап өтті.

«Мен үшін Замира – сырласым, жанашырым, маған жаны ашитын жақын адам болады деп сенемін. Егер оның көңілі шынайы, түзу болса, менің баламның да өмірі бақытты болады», – дейді Гүлмира Дайрабаева.

Жаңа мәртебеге ие болған танымал тележүргізуші келінімен арадағы қарым-қатынасты тек сыйластық пен түсіністікке негіздейтінін атап өтті.

Ақпарат Azattyq Rýhy сайтынан алынды

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или