Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзарды

12.06.2026 14:56 Әсел МҰРАТ
Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзарды
84
Фото: ашық дереккөз

Санжар Боқаевтың қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматы қаласының тергеу соты аса ірі көлемде қаржы жымқырды, жалған ақпарат таратты және Алматыдағы Баум тоғайында ағаш кесуді ұйымдастырды деген күдікке ілінген қоғам белсендісі Санжар Бокаевтің қамауда ұстау мерзімін 18 шілдеге дейін ұзартты. Бұл туралы оның қорғаушысы Радмир Утепов мәлімдеді.

Санжар Боқаев – соңғы жылдары қоғамдық-саяси кеңістікте белсенділігімен танылған тұлғалардың бірі. 2000-жылдары мемлекеттік қызметте еңбек етіп, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған. Кейін қоғамдық қызметке бет бұрды.

Қаңтар оқиғаларынан кейін Бокаев өз саяси партиясын тіркеуге әрекеттенгенімен, бұл бастамасы жүзеге аспады. 2023 жылы ол Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде сайлауға қатысып, оның нәтижелерін бұрмаланған деп санап, даулаған болатын.

Өткен жылы саясаткердің Алматыдағы қайта жаңғырту жұмыстары барысында орын алған заңбұзушылықтар туралы түсірген бейнероликтері әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, бірнеше мәрте қызу талқыланды.

Войдите, чтобы оставить комментарий