Сарапшылар: АҚШ пен Ресей келіссөздері теңгені күшейтуі мүмкін

Сарапшылар: АҚШ пен Ресей келіссөздері теңгені күшейтуі мүмкін
28.02.2025 15:52
0
518
Коллаж: Kazinform
АҚШ-Ресей келіссөздері теңгенің нығаюына себеп болуы мүмкін

АҚШ пен Ресей арасындағы ықтимал келіссөздер Қазақстанның ұлттық валютасына оң әсер етіп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ, ORDA арнасына сілтеме жасап.

Bloomberg агенттігінің талдауы бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресеймен жақындасу саясаты инвесторлардың Ресей нарығына қайта оралу мүмкіндігін зерттеуіне себеп болды.

Қазіргі таңда АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары жүздеген миллиард долларлық активтерді бұғаттаған. Бірақ сарапшылар бұл шектеулердің өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Қазақстандық теңге бағамы соңғы бір айда 4%-ға нығайды. Бұл көрсеткіш әлемдегі ең қарқынды өскен валюталардың бірі болып отыр.

"Қазақстан – Ресейдің маңызды сауда серіктесі, сондықтан АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы теңге үшін оң нәтиже беруі мүмкін", – деп жазады Bloomberg.

Инвесторлар Қазақстанды санкцияларды айналып өтетін қауіпсіз сауда аймағы ретінде қарастыра бастады. Бұған БАӘ мен Қазақстанның Ресеймен тығыз экономикалық байланысы бар елдер қатарында болуы да әсер етіп отыр.

Қазіргі таңда Лондондағы брокерлік компаниялар Ресейдің рубльдік облигацияларына қызығушылық білдірушілердің көбейіп жатқанын хабарлауда. Сарапшылардың пікірінше, теңге – болашағы бар валюта және оның бағамы АҚШ-Ресей арасындағы келіссөздердің нәтижесіне байланысты нығая беруі мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий