Сарапшылар Жетібайдағы ереуілге қатысты өз ойларын айтты
290
Жетібайдағы West Oil Software жұмысшылары 10 күннен бері ереуілдетіп жатыр. Олар мұнай компанияларына тұрақты жұмысқа орналасқысы келеді. Ал West Oil Software компаниясында шамамен 530 жұмысшы еңбек етеді. Ал West Oil компаниясын «ҚазМұнайГаздың» мердігері Oil Transport corporation балансына алуды талап етіп отыр. Компанияның негізгі жұмыс бағыты – тасымалдау.
Мұнда жұмысшылар басшылыққа бірнеше талап қойып отыр:
- Бірінші, жұмысшылар West Oil Software компаниясын «Қазмұнайгаз» компанияларының қатарына қосу;
- Екінші, жұмысшылардың еңбекақысын «Қазмұнайгаз» компаниясының бірыңғай еңбек шарты бойынша төлеу;
- Үшінші, техникаларды жаңарту мәселесі.
«Себебі, бір Маңғыстаудың өзінде «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз» компаниялары бар. Сонымен қатар өңірде мұнай саласына қызмет көрсететін оншақты компания бар. Жеке компаниялар жеткілікті. Егер осының барлығы бір мезетте «Қазмұнайгаз» компаниясының қатарына қосылуды сұраса, бұл мәселенің оңтайлы шешімі болмайды. Мұның салдарынан Маңғыстаудағы мұнай компаниялары банкротқа ұшырауы мүмкін. Мұнда ірі мұнай компанияларына көбіне саладағы шағын компаниялар қызмет көрсететінін түсіну керек. Бұл әлем елдеріне және бізге де тән қағида. Белгілі бір компанияларда жұмыс ауқымы төмендеген соң, жұмысшылар уақытымен қызметтен босап жатады. Бұл қалыпты құбылыс. Еліміздегі басқа да ірі компанияларда мұндай өзгерістер болып жатыр. Тұрғындар осыны түсіну керек», – дейді ол.West Oil Software мұнай компаниясының жұмысшылары жалақыны 700,000-нан 1,5 млн теңгеге арттыруды талап етіп отыр. Дегенмен, сарапшылар жетібайлықтардың бірыңғай төлем жүйесіне көшу туралы талабын заңсыз санайды. Айтуынша, жекеменшік кәсіпорын басшылығы жалақы мәселелерімен айналысуы мүмкін. Алайда мемлекет дербес меншік иелерінің проблемаларын шешуге міндетті емес. Егер мемлекет араласатын болса, бұрынғы түйткілдер қайталанып, басқа кәсіпорындар да сол кепті киіп, заңсыздыққа жол береді. Заңгер Серік Беркамаловтың пікірінше, компания жекеден мемлекетке көшу мүмкін емес. Бұл ретте сарапшы ереуілге шыққан жұмысшылар басқаларға, оның ішінде мұнайшылардың жағдайына бас қатырып отырған жоқтығын айтады. Қазіргі таңда елдегі орташа жалақы 400 мың теңге шамасында. Мұнайшылардың жалақысы бұл көрсеткіштен әлдеқайда көп. Ал жетібайлықтардың жалақыны 2 миллион теңгеге дейін көтеру туралы талабы тек экономикалық және өндірістік бопсалау ғана. https://youtu.be/0-MsKFUVodM
Соңғы жаңалықтар
10.04.2026
18:35
Атыраудағы педофил әкімнің туысы болып шықты
10.04.2026
17:30
Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалап, 25 м...
10.04.2026
17:15
"Адал іс емес": Алагөзовтерді сынаушылар көбейді
10.04.2026
16:48
«Қазақмыс» Жамбыл облысындағы 250 отбасыға көме...
10.04.2026
16:10
"Іздеп барған": Ақбаян Мұқанғалиева туралы журн...
10.04.2026
16:01
15 жастағы жетім қызды 8 жігіт екі ай бойы зорл...