Сатыбалды қаланы басына көтеріп жолда жарысып адам өмірін қиятындардың артына түсті

30.03.2026 14:14 Арман Ермеков
Сатыбалды қаланы басына көтеріп жолда жарысып адам өмірін қиятындардың артына түсті
491
Фото: instagram.com/darkhan_satybaldy_official

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты пікір білдіріп, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты және қаладағы жол қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Еске салайық, 21 наурызда Алматыда Zeekr жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан болатын. Нәтижесінде 3 адам қаза тапты.

Қала басшысы осы оқиғаға байланысты марқұмдардың отбасына көңіл айтып, шаһарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселесі бойынша арнайы аппараттық кеңес өткізді.

Дархан Сатыбалды көлік саны күн санап артып, жолдарға түсетін салмақ көбейіп келе жатқанын мәлімдеді. Ол жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейту қажеттігін ескертті.

«Әл-Фараби даңғылында адам шығынына әкелген жол апаты – қала үшін орны толмас қасірет. Қаза болғандардың ағайын-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.

Инфрақұрылымды жетілдіру мен цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасады. Бірақ жол ережесі сақталмаса, тәртіп орнамайды», – деді қала әкімі.

Осыған байланысты ол полиция қызметкерлеріне көлікті тұраққа дұрыс қоймаудан бастап өрескел заң бұзушылықтарға дейін қатаң шара қабылдауды міндеттеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий