Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды

Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды
07.08.2025 11:52
0
316
Сурет: primeminister.kz
Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев қызметінен босатылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Сәтжан Аблалиев Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі ресми түрде растады.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті көлік вице-министрінің ұсталғаны туралы хабарлап, желіде оның ұсталу сәтінен видео жариялаған болатын. Алайда, ресми органдар ұсталған шенеуніктің аты-жөнін сол кезде атамаған еді.

Осы оқиғадан кейін Көлік министрлігінің ресми сайтындағы вице-министрлер тізімінен Сәтжан Аблалиев туралы ақпараттың алынып тасталғаны байқалды. Енді міне, оның қызметінен ресми түрде босатылғаны белгілі болып отыр. Аблалиевтің қызметінен кетуі оның бұрынғы ұсталу оқиғасымен байланысты ма, жоқ па, ол жағы әзірге нақтыланбады.

Осы жағдайға премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын: 

"Егер қызметкері коррупция туралы бап бойынша сотталса, басшысы қызметінен кетеді. Көлік вице-министрінің жағдайына келетін болса, алдын ала болжауға болмайды – сот шешімі шығады, содан кейін ғана оны коррупциялық қылмыс жасаған деп санауға болады. Сот шешімі шықпас бұрын ол күдікті болып табылады", - деді Бозымбаев.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий