Семейде шыршадан құлаған мұғалімге өтемақы төлене ме?

Семейде шыршадан құлаған мұғалімге өтемақы төлене ме?
17.01.2025 10:00
0
92
ашық дереккөз

Семейде еңбек инспекциясы жаңа жылдық шыршадан құлап кеткен мұғалімнің оқиғасына қатысты тергеуді аяқтады.

Комиссия жазатайым оқиға жұмыс берушісі – мектеп директорының бұйрығымен болғанын анықтады. Ал енді заңға сәйкес жәбірленушіге келтірілген шығынды өзі өтеуге міндетті.

«Жұмыс беруші 100% кінәлі, Қуат Айтқалиевтің кінәсі жоқ. Сондықтан комиссия осындай шешім қабылдады. Қазіргі уақытта мұғалімге жалақысы төленіп жатыр. Егер ол ақылы негізде емделсе, кеткен барлық шығынды өтейді», - деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің бөлім басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев.

Қазіргі уақытта іс қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша одан әрі шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Мұғалім үйде ем қабылдауын жалғастыруда, оның жазылуына көп уақыт керек. Хаттама жасалып, барлық тиісті құжат толтырылды. Қазір материалдар құқық қорғау органдарына жіберіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 156-бабына сәйкес, еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жұмыс беруші жауапты болады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или