Семейде сотталған ер адам өзін 6 жыл күткен сүйіктісімен түрмеде некелесті (ВИДЕО)
Семейдегі №19 мекемеде жазасын өтеп жатқан ер адам бостандыққа шығуына 1 ай қалғанда некесін қидырды. Бұл туралы Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап, Politico.kz хабарлайды.
Департаменттің мәліметінше, сүйіктісі онымен 6 жыл бойы байланысын үзбей, күткен. Жұп некесін мекеме ішінде ресми тіркеген.
Департамент осы сәттен видео жариялады. Кадрлардан ақ көйлек киген қалыңдықтың мекеме ішінде ер адаммен бірге жүргенін көруге болады.
№19 мекеме – ауыр және аса ауыр қылмыстар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар жазасын өтейтін қатаң режимдегі түзеу колониясы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...