Сенат қоғамда дау тудырған ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды мақұлдады

18.12.2025 13:11 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Сенат қоғамда дау тудырған ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды мақұлдады
0
105
Фото: Pixabay.kz

Сенат ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

18 желтоқсанда өткен Сенат отырысында аталған заң жобасы алғашқы оқылымда қолдау тапты. 

Сенат отырысында ЛГБТ* насихатына тыйым салатын түзетулер Қазақстан ратификациялаған барлық халықаралық шарттарға сәйкес келетіні айтылды.

Тыйым жария кеңістік, масс-медиа, телекоммуникация желілері мен онлайн-платформаларға жүреді.

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Руслан Рүстемовтің айтуынша, бұл бастама өскелең ұрпақты қоғамға жат құндылықтарды насихаттаудан қорғауға, неке мен отбасы институтын нығайтуға негізделген дәстүрлі отбасы құндылықтарын дәріптеуге, сондай-ақ балаларды отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған.

Депутаттың сөзінше, заң жобасы аясында 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Олардың қатарында «Масс-медиа туралы» заң мен Еңбек кодексі де бар. Құжаттың толық атауы — «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң деп аталады.

Заң жобасы бүгін үзілістен кейін екінші оқылымда қаралады.

Бұған дейін бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан парламентін аталған түзетулерден бас тартуға шақырған болатын. 

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий