"Сенің табаныңа кірген ине, менің маңдайыма кірсін". Төреғали Төреәлінің жұбайы тұңғышына жантебірентер жазба арнады
700
Бүгін танымал әнші Төреғали Төреәлінің тұңғышының туған күні. Әншінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы қызына жантебірентер жазба арнады,-деп хабарлайды politico.kz
Әнші отбасымен бірге қызын туған күнімен құттықтады. Толқын Тұрарбекқызы Каусар әлемді басқа қырынан танытқан ерекшесі екенін атап өткен. "Үшінші жаңалық. Каусартайымның туған күні бүгін. Бауырлары дайындалып жатыр. Бүгін көңілім ерекше босайтын күн. Ана атанған күнім. Тұңғышым, әлемнің бүкіл мейірімін жүрегіне сыйдырып алған, қасиетті Каусарымның туған күні. Жүрегімнің қанша қатпары болса, соның бәрі осы қызымның ғұмыры мен күлкісінің риясыз болуын тілейді. Әлемді басқа қырынан танытқан ерекшем. Сенің табаныңа кірген ине, менің маңдайыма кірсін. Осы қызым үшін қайсар болуға, осы қызым үшін соңына дейін баруға, үлкен күрестегі үлкен жеңісті күнді аңсаумен келе жатқанымды білемін. Алладан үмітім зор. Әрі сол күннің де алыс емес екенін сеземін", - деп жазды ол.Соңғы жаңалықтар
27.09.2026
18:02
Тоқаев Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
27.09.2026
17:04
24 жыл күткен алтын: Қазақстандық семсерлесушіл...
27.09.2026
16:13
«Никита өзін өзі құтқарды»: Каспийдегі қайғылы ...
27.09.2026
15:14
«Командир мас күйінде болған»: Каспийдегі қайғы...
27.09.2026
14:26
Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов...
27.09.2026
13:38
«Менің күйеуім кінәлі емес»: 14 сарбаздың қазас...