"Сенімді ақтамадыңыз": Сатыбалды Bazis-A компаниясына қатаң ескерту жасады

13.06.2025 12:36
0
13
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы әкімі мектеп құрылысын тамызға дейін аяқтауды талап етті

Алматы әкімі Bazis-A құрылыс компаниясына қатаң ескерту жасады

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Медеу ауданында салынып жатқан жаңа мектептің құрылысын биылғы тамыз айына дейін аяқтауды талап етті. Бұл оқу орны "Комфортты мектеп" жобасы аясында салынуда.

Жаңа білім ордасы 2000 оқушыға арналған. Үш қабатты мектеп ғимаратында мәжіліс залы, жертөледе асхана, жеке автотұрақ пен спорт алаңы қарастырылған.

Алайда әкім жобаның тым баяу жүріп жатқанын айтып, құрылысқа жауапты Bazis-A компаниясына қатаң ескерту жасады.

"Александр Якубович, қыркүйекте бұл жерде балалар оқуы керек. Келістік пе? Біз сізге сендік, бірақ сенімді ақтамадыңыз. Алматыда тоғыз мектептің құрылысын мойныңызға алдыңыз - бәрінде де мәселе бар. Уақтылы аяқтаңыздар. Бұл - балалар үшін, бұл - бюджет қаржысы", — деді Сатыбалды Bazis-A басшысы Александр Беловичке.

Әкімнің айтуынша, құрылыс 2025 жылдың тамызына дейін толық бітіп, қыркүйекте оқушылар жаңа мектеп табалдырығын аттауы тиіс.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий