«Септік деген не?»: Қуат Хамитов әбден күлкіге қалды (ВИДЕО)
Танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов отандық телеарналардың біріндегі бағдарламада қонақ болып, қарапайым сұрақтарға жауап бере алмай ұятқа қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бағдарламаның форматы бойынша қонақтар мектеп бағдарламасынан алынған жеңіл сұрақтарға жауап беруі керек еді. Тез қойылған оншақты сұрақтың ешбіріне жауап бере алмаған Қуат оларды өмірінде алғаш естігендей кейіп танытты.
Әсіресе, жүргізуші Қайрат Әділгерейдің «Қазақ тілінде неше септік бар?» деген сұрағына ол «Септік деген не?» деп жауап бергені көпшіліктің назарын аударды.
Сонан соң Астанадағы ең биік ғимарат жайлы сұраққа да дұрыс жауап бере алмай, «Керуен» деді. Одан бөлек теңгенің айналымға енген уақытын да, «Гамлеттің» авторын да атай алмады.
Осыдан соң аралас жекпе-жек шебері көпшіліктің сынына ұшырады.
Желі оқырмандары «Футболды жамандау оңай ғой», «Масқара, ұят қылған екен», «Мынауың септікті білмегені ме» деп сынаған.
Соңғы жаңалықтар