Шұғыл! Апаттық сигнал жарияланды: Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақта оқыс оқиға болды
861
Бүгін сағат 07:38-де Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау укзінде «Эйр Астана»-ның п Airbus A321N EI-KDG әуе кемесінде авиациялық оқиға болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Қазаэронавигация» РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған.
Алдын ала мәліметтер бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ. Ұшақ сағат 07:40-та Алматы әуежайына қонды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта аталған авиациялық оқиғаның мән-жайларын көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері нақтылап анықтауда.
Соңғы жаңалықтар
01.10.2026
23:20
Жұмамұрат Шәмші: Тойды тоқтатып, асабаларды арн...
01.10.2026
23:20
«Ұйықтап жатқан баланың бетін тырнады»: Ақтөбед...
01.10.2026
22:41
"Қатты ауырып, жылап жібердім". Индира Елемес қ...
01.10.2026
22:17
Ресей прокуратурасы Тимур Турловты сотқа берді:...
01.10.2026
21:14
Бейнеуде адам өліміне әкелген жол апаты: Полици...
01.10.2026
21:10
Қазір кез келген адамға есігімді ашпаймын — Роз...