Шығыс Қазақстанда 21 жастағы жігітті атып кетті

09.04.2026 15:45 Әсел Мұрат
Шығыс Қазақстанда 21 жастағы жігітті атып кетті
312
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында кеше түнде белгісіз біреулер 2005 жылы туған жас жігітті атып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Жас жігіт арқасынан жаралаған. Зардап шеккен адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр. 

Шабуыл жасағандар оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен.

Бұл оқиғаға қатысты Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

Полиция мәліметінше, оқиға 8 сәуір күні болған.

«Зайсан ауданының полиция бөлімі кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Екі күдікті анықталып, ізін суытпай ұсталды. Олардан қару тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген полиция хабарламасында.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқас ауыр жағлайда жеткізілгенін айтады. Бүгін санавиациямен облыс орталығы Өскеменге жеткізілген. Оның жағдайы ауыр. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий