Шығыс Қазақстанда ер адам өз қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген: полиция не дейді

24.08.2026 15:35 Әсел МҰРАТ
Шығыс Қазақстанда ер адам өз қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген: полиция не дейді
260
Фото: ашық дереккөз

Желіде Шығыс Қазақстан облысында ер адамның өз қызын бірнеше жыл бойы зорлап келгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Желіде тараған ақпарат бойынша қыз бала алты жасынан бастап бірнеше жыл бойы әкесі тарапынан жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшырап келген. Мұның барлығы Риддер қаласында болған. Бүгінде зардап шеккен қыздың жасы – 13-14-те.

Шілде айының басында полицейлер ер адамды ұстады. Тәртіп сақшылары оны тікелей жұмыс орнынан алып кеткен.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті осы оқиғаға қатысты тілшімізге пікір білдірді. Полиция мәліметінше, аталған факті бойынша Риддер қаласының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу барысы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий