Шымкентте базар басшысы зорлық жасады деген күдікке ілінді

01.04.2026 16:52 Мөлдір Талғат
Шымкентте базар басшысы зорлық жасады деген күдікке ілінді
427
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Шымкент қаласындағы базарлардың бірінің басшысы зорлық жасады деген айыппен тергеліп жатыр. Бұл туралы жәбірленуші әйелдің арызы негізінде белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Halyqstan telegram-арнасының мәліметінше, полицияға арызбен жүгінген әйел — базарда сауда жасайтын сатушы. Оның айтуынша, ол жалдау ақысын уақытында төлей алмағандықтан, базар әкімшілігіне жеңілдік сұрап барған.

Жәбірленушінің сөзінше, базар басшысы оны кабинетіне шақырып, алдымен дөрекілік танытқан, кейін зорлық жасаған.

Оқиға туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева мәлімдеді. Оның айтуынша, әйел үш баланы өзі асырап отыр және тұрмыстық қиындықтарға тап болған.

Құқық қорғаушының сөзінше, базар әкімшісі жалдау ақысын «басқа жолмен өтеуді» ұсынған.

Сондай-ақ, оқиға кезінде әйелдің баласы кабинет сыртында күтіп тұрғаны айтылды. Әйел сол күні бірден полицияға барып, арыз жазған.

Алайда, оның сөзінше, кейбір қызметкерлер бұл жағдайды «өзара келісім» ретінде бағалауға тырысқан.

Шымкент қалалық полиция департаменті әйелдің арыз түсіргенін растады.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Құзырлы органдар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты жарияламады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий