Шымкентте Садраддиннің концертінде 15 адам талып қалды

Шымкентте Садраддиннің концертінде 15 адам талып қалды
12.03.2025 17:02
0
27
видеодан кадр

Шымкентте танымал әнші Садраддин өткізген тегін концертке жиналған жұрт бірін-бірі таптап, 15 адам талып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткен концертке халық көп жиналғаны сонша, сахна маңында адамдар толқын тәрізді қозғалған. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан түсірілген видеолармен бөлісіп, жағдайдың қиын болғанын жазуда.

"Бүкіл Шымкент сол жерде жүргендей болды. 10-15 адам талып қалды, 25-30 шақты адамды жақындары іздеп жүрді. Полицей шақырдық. City Mall-дың ішінде де адам лық толы болды. Садраддин үш-ақ ән айтып, кетіп қалды. Көпшілік концертті толық көре алмады. Тегін болған соң халық ағылды," – деп жазды куәгерлердің бірі.

Көпшілік қауіпсіздік ережелері сақталмағанын айтып шағымдануда. Өнер иесі өзі де сахнадан көрермендерді сабырға шақырып, тәртіп сақтауды сұраған.

"Сіздерден өтініш, кішкене әрі тұрсаңыздар! Артқа қарай, сахнадан түсіп тұрыңыздар! Өйткені алда кішкентай балалар отыр," – деді әнші.

Қазіргі уақытта ұйымдастырушылардан ресми мәлімдеме күтілуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий