Шымкентте түрме қызметкерлері қамауға алынды
Шымкентте түзеу мекемесінің қызметкерлері азаптау ісі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Politico.kz.
Сотталғандарды азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл таратқан мәліметке сәйкес, өңірлік өкіл жеке қабылдау өткізгенде сотталғандардың біреуі арызданған. Оның айтуынша, былтыр жазда мекеме қызметкерлері қолына кісен салып, ұрып-соғып, темір торға іліп қойған. Осылайша, 4 сағат бойы асулы күйде ұстаған. Онымен қоймай, аяқ киімін шешіп, табанынан шоқпармен ұрған. Ал тағы бір сотталғанның жақ сүйегін сындырған.
Өңірлік өкіл араласуымен түрме қызметкерлері билікті асыра пайдаланғаны үшін тергеуге алынған болатын. Бірақ полицейлер азаптау әрекеті бар деген шешімге келді. Бас прокуратура осы ұстанымды қолдап, адамдар тобымен жасалған азаптау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мекеменің үш қызметкері қамауға алынды.
Соңғы жаңалықтар