«Шынымды айтсам, шаршатты»: Сәкен Майғазиевтің келіні жанайқайын жеткізді
Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні әлеуметтік желілерде өз аты-жөні мен суретін пайдаланып ашылған жалған парақшалардың көбейіп кеткенін айтып, бұл жағдайдан қатты шаршағанын жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Malim.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, өзін айнытпай салған фейк парақшаларға наразылығын білдірді.
«Шынымды айтсам, шаршатты. Менін атымнан осындай сөздер жазып, менін түрімді пайдаланып, ойына келгенді жазатыны қаншалықты дұрыс? Оны басқа пабликтер менің шынайы парақшам деп ойлап, жазбаларын талқылайды. Біреудің жазған жазбаларына менің қатысым болғанын мүлдем қаламаймын. Күлкім келеді. Өзім ешқашан айтпаған нәрселерді айтты деп қойғандарына. Былай қарасаң дұрыс парақша сияқты, бірақ неліктен шын аккаунт па, жоқ па тексеріп алуға шамалары келмейді. Ұсақ-түйек нәрсе болып көрінетін шығар, бірақ менің атымнан жарнама алып жүрсе, кім сенеді маған?», – деп жазды ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
22.11.2026
17:13
Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған қ...
22.11.2026
16:18
396 миллион теңге парамен сотталған бұрынғы обл...
22.11.2026
15:21
Липосакция жасатуға барған депутаттың өлімі: Же...
22.11.2026
14:18
Жамбылда аяусыз соққыға жығылған оқушы әлі кома...
22.11.2026
13:17
Қарағандыда цирк әртісі көрермендердің көз алды...
22.11.2026
12:23
Астанада тұмау өршіп тұр: 300-ден астам адам ау...