Софья Самоделкинаға пәтер сыйланғанына ресейлік сарапшылар сын айтты
1556
Қазақстандық жас фигурашыға пәтер табысталды
Қысқы Олимпиададан кейін Қазақстан атынан өнер көрсеткен жас фигурашы Софья Самоделкинаға Астанада бір бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Спортшы олимпиадада ондыққа енген. Аэропортта оған салтанатты түрде құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Алайда Ресейдің үш дүркін Олимпиада чемпионы әрі Госдума депутаты Ирина Роднина:
«Қазіргі спортшылар кәсіби, көбіне ақша үшін өнер көрсетеді. Ал сыйлық күту — бөлек мәселе», — деп пікір білдірді.
Бұл жағдайға ресейлік спорт жанкүйерлері мен желідегілер сыни көзқарас танытып, «Пәтерді Олимпиададағы жетістігі үшін беру дұрыс па?» деген сұрақтар қойып жатыр.
Астананың әкімдігі хабарлағандай, пәтер кілті тек Самоделкинаға ғана емес, оның бапкері Асем Кассановаға, олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров мен ресейлік бапкер Алексей Урмановқа да табысталды. Айта кетейік, Шайдоров — Қазақстан атынан олимпиадада алтын медаль алған алғашқы мәнерлеп сырғанаушы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
10:34
Тоқаев Ресеймен ынтымақтастықта «Солтүстік Оңтү...
09.10.2026
10:26
«Айына 50 мың теңге табамыз»: Оралда қоқыс поли...
09.10.2026
10:25
"Шектен шықты": Жігер Ауыпбаев пен жұбайының Ti...
09.10.2026
10:23
«Енді ана бола алмаймын»: ақтөбелік әйел тіс дә...
09.10.2026
09:57
«3 сағат қана ұйықтайтынбыз, қазіргі жастар те...
09.10.2026
09:32
Павлодар облысында мәйіттер жылдар бойы сақталғ...