Солтүстік Қазақстанда 34 жастағы жұмысшы элеватор ішіне құлап, астық астында тұншығып қайтыс болды
528
Солтүстік Қазақстан облысындағы элеваторлардың бірінде жұмысшы абайсызда қоймаға құлап, ажал құшты. Қайғылы оқиғаға қатысты полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі таңда аталған дерек бойынша еңбекті қорғау ережелерін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалған. Тергеушілер оқиғаның бүге-шігесін тексеріп, кінәлілерді анықтау үстінде.
Жазым болған оқиға қарашаның 19-ы күні, кешқұрым орын алған еді. Кәсіпорында тасымалдаушы болып еңбек ететін 34 жастағы келіншек жұмыс барысында тепе-теңдігін жоғалтып, 30 метр биіктен төмен қарай құлдилайды.
Оқыс жағдайды көрген әріптестері дереу құтқарушыларды шақыртқан. Алайда мамандар оны алып шыққанда бәрі кеш еді. Жедел жәрдем қызметкерлері әйелдің дене жарақатынан емес, астық арасында тыныс ала алмай, тұншығып көз жұмғанын растады.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
23:15
«Зорлады деп айтамын»: Ақтөбелік әйел ер адамды...
10.07.2026
22:27
Трамп Иранға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
10.07.2026
21:50
Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен ты...
10.07.2026
21:38
Алматыдағы мейрамханада сұмдық: Кешкі ас кезінд...
10.07.2026
20:48
«Мені тез алып кет… Өліп барамын»: Жамбылда бос...
10.07.2026
20:00
Тоқаев Трампты Қазақстанға шақырды