Солтүстік Қазақстанда өрттен бірнеше адам көз жұмды

12.01.2026 10:33 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Солтүстік Қазақстанда өрттен бірнеше адам көз жұмды
0
219
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

11 қаңтар күні кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев  ауданының Майбалық ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққан, деп хабарлайды Politico.kz.

101 пультіне хабарлама түскеннен кейін өртке қарсы қызметтің алғашқы бөлімшелері жедел жіберілді. Құтқарушылар оқиға орнына барған кезде тұрғын үй толықтай отқа оранып, толық құлаған.

Үй иесінің айтуынша, өрт болған сәтте үйде оның жұбайы және кәмелетке толмаған екі бала болған. Өртті сөндіру және үйінділерді бөлшектеу барысында құтқарушылар ер адам мен бір кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапты. Екіншісін іздеу жұмыстары жалғасуда.

Оқиға орнында департамент басшылығы жұмыс істеуде, ТЖД психологтары үй иесіне қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ ТЖД жедел-құтқару қызметі жұмылдырылған.

Өрт 64 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамынан 24  қызметкер мен 6 техника, сондай-ақ «Агрофирма» ЖШС-нің ерікті өртке қарсы құрылымы қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды пешпен жылыту, электр және газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий