СПОРТ САЛАСЫНДА 39 ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысын тіркеді. Тек соңғы 6 жылда отандық спортқа бөлінетін бюджет 2 есе өсіп, 1,4 трлн теңгеге жетсе де, еліміздің әлемдік спорттағы рейтингі төмендеуде.
Бұл жайында агенттік төрағасы Асхат Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық отырыста айтылды. Тіпті, «Спорт шебері» жалған атағын беру фактілері анықталған. Ал екі жыл бұрын жоспарланған «Е-sport» ақпараттық жүйесі осы уақытқа дейін іске қосылған жоқ.
Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы: - Құрметті әріптестер, өздеріңіз білетіндей, бұл айқын шындық. Бұқаралық спорт бұл бүкіл спортты дамытудың және дені сау ұлт құрудың негізі.
Бірақ іс жүзінде барлығы керісінше. Жоғары жетістіктер спортында ашық емес және субъективті төлемдер бақылауы тиісті жүргізілмейді. Жалған құрамалар құру және қосарлы қаржыландыру үшін жағдайлар жасалған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.11.2026
23:21
Теңізге кәріз суын ағызған кім? Маңғыстау облыс...
12.11.2026
22:20
Балқаш тұрғындары АЭС салынғаннан кейін ауызсу ...
12.11.2026
21:21
ҰБТ орнына жаңа емтихан енгізіле ме? Министр ел...
12.11.2026
20:52
Астанадағы шашылған долларлар: Атырауда видео ж...
12.11.2026
20:04
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өтк...
12.11.2026
19:55
«Кенеттен жөндеу басталмақ»: Ақтөбеде мүгедекті...