Starlink Қазақстанда ресми түрде іске қосылады

Starlink Қазақстанда ресми түрде іске қосылады: Сатылым 2025 жылдың үшінші тоқсанында басталады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы Қазақстанда спутниктік интернет қызметін көрсету бойынша өзара келісімге келді. Компания енді Қазақстан заңнамасын толық сақтауға міндеттеледі. Бұл туралы министр Жаслан Мәдиев хабарлады.
Starlink жобасы ең шалғай және инфрақұрылымы нашар елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Жоба сондай-ақ ұлттық "Қолжетімді интернет" бағдарламасының мақсаттарымен ұштасады.
Starlink терминалдарын ресми сату 2025 жылдың үшінші тоқсанында басталады. Бұл бастама еліміздің алыс аймақтарында тұрақты және сапалы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Starlink қызметінің басымдық берілетін салалары:
- Ауыл мектептері
- Медициналық мекемелер
- Мобильді қызметтер
- Стратегиялық маңызды инфрақұрылым нысандары
Әсіресе, бұл шешім оптикалық кабель тарту мүмкін емес немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз жерлер үшін өзекті болады.
Қосылу пайдаланушы құрылғылары арқылы жүзеге асырылады. Қызметтің құны мен шарттары бойынша келіссөздер 1 шілдеге дейін аяқталады.
Министр Мәдиев: "Бүгінге дейін Starlink тек пилоттық режимде, мектептерге ғана интернет беріп келген. Ал енді халық та ресми және заңды түрде қосыла алады", – деді.
Соңғы жаңалықтар





