Суға жаңа тарифтер күшіне енді: cуды үнемдемейтіндер көп төлемек

Суға жаңа тарифтер күшіне енді: cуды үнемдемейтіндер көп төлемек
09.01.2025 12:55
0
688
Ашық дереккөз
Қазақстанда ауыз суға әлеуметтік норма енгізілді

Қазақстанның 11 өңірінде ауыз суға жаңа тарифтер енгізілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жаңа ережеге сәйкес, су тұтыну нормасы енгізілді. Тұтынушылар белгіленген норманы асырған жағдайда төлемдер айтарлықтай өседі:

  • Нормаға қосымша 3 текше метр үшін төлем 20%-ға артады;
  • 5 текше метр үшін тариф 50%-ға көтеріледі;
  • 10 текше метрден артық немесе есептегіш құрылғысыз тұтынушылар үшін төлем екі есе артады.

Министрлік мәліметінше, бұл өзгерістер су тұтынуды үнемдеуге ынталандыру және су ресурстарын тиімді пайдалану үшін енгізілген.

Жаңа тарифтер енгізілгеннен кейін алты облыста (Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, Ұлытау, Алматы және Шымкент) су тұтыну көлемі 21,1 млн текше метрден 19,5 млн текше метрге дейін азайды.

«Норма асырған тұтынушылардан түсетін қосымша қаражат су инфрақұрылымын жаңғырту мен қалпына келтіруге бағытталады. Бұл қызметтердің сапасын арттыруға және тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

2025 жылы бұл ережелер Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізілмек.

Сонымен қатар, елде ауыз судың қымбаттағаны байқалады. 2024 жылы су бағасы орта есеппен 14%-ға өскен. Ең жоғары өсім Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 17,4%.

Ақпарат CMN.KZ сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или