«Сұлудың жоқ дегенін сыйла»: Әділет Жауғашар даулы әнінің мәтінін өзгертті
790
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен «Сүй, иә» әнінің мәтіні жаңартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Әнші Әділет Жауғашар көпшіліктің сынынан кейін туындыдағы даулы жолдарды алып тастаған.
Бұған дейін әннің «Сұлудың жоқ дегені – иә» деген жолы желі қолданушыларының наразылығын тудырған еді. Жұртшылық бұл сөз адамның «жоқ» деген жауабын елемеуді ақтайтындай әсер қалдыратынын айтып, ән мәтінін сынға алған.
Кейін әннің жаңа нұсқасы ұсынылды. Онда даулы шумақтың орнына:
«Сұлудың жоқ дегенін сыйла,
Сезімді ала алмайсың қинап.
Қыздарды жамандыққа қима,
Қима»
деген жолдар жазылған.
Ән мәтінінің өзгеруі әлеуметтік желіде де қолдау тапты. Көпшілік өнер иесінің сын-пікірді ескеріп, туындысын қайта қарағанын оң бағалады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
12:07
Ермек Көшербаевқа жаңа қызмет табылды
13.10.2026
11:49
Жүргізуші куәлігін алу ережесі өзгереді
13.10.2026
11:29
«Қазақмыс» Жезқазғандағы мыс қорын анықтау үшін...
13.10.2026
11:11
«Арада тура 32 жыл өтті»: Әли Оқапов марқұм әк...
13.10.2026
10:44
Танымал қазақ ақыны өмірден өтті
13.10.2026
10:18
Қостанайда әйелді көлік қағып өлтірген